Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Астана әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс режимін өзгертеді

Астана әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс режимін өзгертеді
Сурет: Астана әуежайы

Астана халықаралық әуежайы 2026 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыры аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әуежайдың хабарламасына сәйкес, көрсетілген кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылады.

«Жұмыстар жоспарлы сипатта болып табылады және аэродром инфрақұрылымы мен жарық беру жабдықтарын тиісті пайдалану күйінде ұстауға, сондай-ақ ұшу сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Одан әрі мынадай нақтылау берілген: жұмыс жүргізу кезеңінде көрсетілген уақыт аралығында орындалатын барлық тұрақты халықаралық және ішкі рейстер тәуліктің ерте немесе кешірек уақытына ауыстырылды.

Сондай-ақ, кестедегі барлық түзетулер әуе компанияларымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілгені атап өтілді.

«Әуежай уақытша шектеулер кезеңінен тыс уақытта штаттық режимде жұмысын жалғастырады», - делінген хабарламада.