Logo
Іздеу
Айдарлар

Стивен Хокинг Эпштейн файлдарында аталды: Ғалымның аралда түскен жаңа фотосы жарияланды

/
Стивен Хокинг Эпштейн файлдарында аталды: Ғалымның аралда түскен жаңа фотосы жарияланды
Сурет: ашық дереккөзден

Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты жарияланған жаңа құжаттарда әйгілі британдық физик Стивен Хокингтің есімі кездеседі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Материалдардың ішінде бұған дейін интернетте тараған фотосурет те бар. Онда ғалым шезлонгта отыр, ал оның қасында қолдарына коктейль ұстаған бикини киген екі бойжеткен бейнеленген, деп жазды The Sun басылымы. Сурет тропикалық аралда түсірілген деп болжануда, бірақ түсірілген жері мен уақыты нақты белгісіз.

Бұл фотосурет АҚШ Әділет министрлігі жариялаған құжаттардың жаңа топтамасына енген. Бұған дейін Хокинг Эпштейнмен байланыстырылатын Литтл-Сент-Джеймс аралындағы суреттерде де көрінген болатын. 2006 жылдың наурызында ғалым Эпштейн қаржыландырған ғылыми конференцияға қатысу үшін 21 зерттеушіден құралған топпен бірге АҚШ-тың Виргин аралдарына барған.

Осы сапар барысында Хокинг басқа қатысушылармен бірге барбекюде, сондай-ақ су асты экскурсиясы кезінде суретке түскен. Қозғалыс жүйесінің ауруына байланысты мүгедектер арбасына таңылған ғалым үшін арнайы модификацияланған батискаф оның су астына сүңгуіне мүмкіндік берген.

Стивен Хокинг пен Джеффри Эпштейн арасындағы бұл сапарға дейінгі және одан кейінгі байланыстар белгісіз қалып отыр, ғалым мен қаржыгердің бірге түскен фотосуреттері табылмаған. Сонымен қатар, жарияланған құжаттарда Хокингтің есімі 250-ден астам рет аталады. Дегенмен, құжаттарда есімнің аталуы адамның заңсыз әрекеттерге қатысы бар екенін білдірмейтіні ерекше атап өтіледі.