Телеграм-арналарда әскери ұшақтың құлап бара жатқан сәттері жариялануда. Болжам бойынша, ұшақ моделі F-15, деп хабарлайды Arasha.kz.
Иранның Tasnim агенттігі ұшақты Ислам Республикасының күштері атып түсірді деп есептейді. Бірақ бұған әлі ешқандай дәлел жоқ. Бейнежазбадан катапульта жасап үлгерген ұшқышты көруге болады.
Сонымен қатар, Израиль БАҚ-тары ЦАХАЛ-дың бас штаб бастығының сөзіне сілтеме жасай отырып, Ливандағы «Хезболлаға» қарсы шабуыл операциясы басталғанын жазуда. Ливан билігінің мәліметінше, Израиль соққыларынан қазірдің өзінде 30-дан астам адам қаза тауып, 150-ге жуығы жараланған.