Ақмола облысының Жібек жолы ауылында болған қатыгез кісі өлтіру оқиғасы тергелді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жергілікті БАҚ-та ер адам өз отбасы мүшелерін анасын, әкесін және қарындасын өлтіріп тастағаны туралы ақпарат тарады. Расталмаған мәліметтер бойынша, мәйіттер жеке үйдің аумағынан табылған.
Полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.