Logo
Іздеу
Айдарлар

Израильдің қорғаныс министрі Иранның жаңа көшбасшысына сес көрсетті

/
Израильдің қорғаныс министрі Иранның жаңа көшбасшысына сес көрсетті
Yannis Kolesidis/EPA

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранда Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін тағайындалуы мүмкін кез келген жаңа көшбасшы Израиль үшін нысанаға айналуы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің сөзінше, егер жаңа басшы "Израильді жою жоспарын жалғастырып, АҚШ пен еркін әлемге қауіп төндірсе, сондай-ақ иран халқын қысымда ұстай берсе", онда ол Израильдің нысанасына айналады.

Исраэль Кац бұл жағдайда жаңа көшбасшының аты-жөні немесе қай жерде жүргені маңызды болмайтынын атап өтті.

"Иран режимі тағайындаған кез келген көшбасшы Израиль үшін бірдей нысана болады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху екеуміз Израиль армиясына осы міндетті орындауға барлық құралды пайдаланып, дайындалуды тапсырдық", – деді ол.

Сонымен қатар Кац Израиль АҚШ-пен бірлесе отырып, Иран режимінің әскери әлеуетін әлсірету және елде билік ауысуына жағдай жасау бағытында әрекеттерді жалғастыратынын мәлімдеді.