Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаңтар айында тұтынушылық несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 22,3%-ды болды

/
Қаңтар айында тұтынушылық несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 22,3%-ды болды
Сурет: pexels

2026 жылдың қаңтарында халық 1,267 трлн теңгеге несие алды. Бұл 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2%-ға аз, деп хабарлайды Arasha.kz.

Халыққа берілген қарыздар құрылымында тұтынушылық мақсаттарға 1,052 трлн теңге бөлінді. Бұл бұрын қабылданған реттеуші талаптарға байланысты кепілсіз тұтынушылық қарыздар берудің 7,3%-ға азаюы есебінен 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,8%-ға төмен, деп жазды "Чёрный лебедь, рак и щука" телеграм арнасы.

Кепілді тұтынушылық кредит беру сегментінде жаңа қарыздар беру динамикасы оң деңгейде сақталып отыр. Қаңтарда 166 млрд теңгеге жаңа қарыздар берілді, бұл 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2,9%-ға артық.

Қаңтар айында 155 млрд теңгеге ипотекалық қарыздар берілді (+22%).

2026 жылғы қаңтарда тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 2,8 пайыздық тармаққа, яғни 22,3%-ға дейін өсуіне байланысты (2025 жылғы желтоқсанда — 18,3%), кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 20,8%-ды құрады.