Logo
Іздеу
Айдарлар

«Бұл "қоқысты" кім тыңдайды?»: Көкшетауда қазақ музыкасын қорлаған келіншектің үстінен іс қозғалды

/
«Бұл "қоқысты" кім тыңдайды?»: Көкшетауда қазақ музыкасын қорлаған келіншектің үстінен іс қозғалды
Сурет: ашық дереккөзден

Көкшетауда ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы сұлулық салондарының бірінде болған. Салон қызметкерлері арасында залда қандай әндер қойылуы керек деген мәселеге байланысты дау туындаған.

Шебер Алмагүл Әлиеваның айтуынша, мекемеде орыс, түрік және грузин тілдеріндегі музыкалар кедергісіз қойыла берген. Ал қазақ тіліндегі әндерге келгенде қарсылық басталған.

«Мен қазақша музыка қосу үшін пультқа жақындадым. Сонда әріптесім: «Жоқ, керек емес, біз мұндайды тыңдамаймыз», — деді. Мен соған қарамастан қосып, кетіп қалдым. Клиенттерім кеткен соң, музыканың неге қайта өшірілгенін сұрадым. Ол: «Мен саған айттым ғой - біз мұндайды тыңдамаймыз. Бұл "қоқысты" (дерьмо) кім тыңдайды?» - деп жауап берді», - дейді Алмагүл Әлиева.

Шеберлер арасындағы сөз таласы тез аяқталғанымен, қазақ музыкасын балағаттаумен байланысты бұл оқиға мұнымен біткен жоқ: Әлиева полицияға арыз түсірді.