Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұлттық банк төрағасы Шолпанқұловтың отставкасына қатысты түсініктеме берді

/
Ұлттық банк төрағасы Шолпанқұловтың отставкасына қатысты түсініктеме берді
Сурет: видеодан скрин

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өзінің орынбасары Берік Шолпанқұловтың қызметтен кетуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Берік Шолпанкулұлы өз еркімен арыз берді. Яғни, ол жұмыстан берілген өтінішке сәйкес кетті. Ал банкке келетін болсақ, бұған дейін айтқанымыздай, қазір тексеру жүріп жатыр. Қосымша мәліметтер тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады», — деді Сүлейменов.

Шолпанқұлов Президент айтқан 7 триллион теңге сомасына қатысты көпшілік алдында күмән келтіргеннен кейін отставкаға кетті. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктердің бірі 2025 жылы көршілес мемлекеттен алынған 7 триллион теңгеден астам қаражатты шетелге аударғанын мәлімдеп, бұл жағдайды «сұмдық факт» деп атаған болатын. Осыдан кейін реттеуші органдарға заңсыз қаржылық операцияларға бақылауды күшейту тапсырылды.