Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

«Қазақалтын» шахтасында тағы бір заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

/
«Қазақалтын» шахтасында тағы бір заңсыз алтын іздеуші қаза тапты
Сурет: pexels

Ақмола облысындағы «алтын іздеушінің» кезекті құрбаны өміріне қауіпті жарақат алды. Оқиға Бестөбе кентінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам шахтаға құлап кеткен. Оның кім екені әлі белгісіз, деп хабарлайды Arasha.kz.

– Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның кім екенін және оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп түсіндірді Ақмола облысының департаменті.

Бұл Бестөбе шахтасындағы бірінші өлім жағдайы емес. Қаңтар айында ол жерден Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғынының денесі табылған болатын. Ол ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, заңсыз алтын өндірмек болған. Шахта «Қазақалтын» кәсіпорнына тиесілі. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде заңсыз алтын іздеу әлдеқашан қалыпты жағдайға айналғанын жазуда:

– Егер тоқтатқысы келсе, баяғыда-ақ тоқтатар еді. Бәріне бәрі белгілі. Кез келген адам белгілі бір сомаға шахтаға еш қиындықсыз кіре алады, – дейді ауыл тұрғындары.

Жалпы, Бестөбе кенішінде көптеген криминалдық оқиғалар болған: жүздеген қылмыстық іс, ұйымдасқан қылмыстық топтарды тұтқындау. Мұндағы заңсыз алтын өндіру ресми жұмысқа қарағанда әлдеқайда көп пайда әкелген және ол әлі де жалғасып жатыр.