Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Желіде Хаменейдің көзін жойған сәті түсірілген видео тарады

/
Желіде Хаменейдің көзін жойған сәті түсірілген видео тарады
haberler.com

Әлеуметтік желілерде Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің көзін жою сәті түсірілген деген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарияланған кадрларда Хаменейге ұқсайтын адамның әскери қызметкермен сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Сол сәтте олардың жанында снаряд жарылғаны байқалады.

Кейінірек Иран билігі Әли Хаменейдің қаза тапқанын растады. Алайда шабуылдың нақты қалай болғаны және соққының қандай жағдайда жасалғаны туралы ресми мәліметтер жарияланған жоқ.

Бейнежазба әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында кеңінен таралып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, кадрлар шабуыл жасалған сәтте түсірілген болуы мүмкін. Дегенмен видеоны тәуелсіз сарапшылар әзірге тексермеген.