Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы туралы не білеміз?

/
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы туралы не білеміз?
ашық дереккөзден

Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы жарияланды. Қаза тапқан бұрынғы жетекші Али Хаменейдің орнына оның ұлы Моджтаба Хаменей тағайындалды. Бұл туралы ирандық Fars агенттігі хабарлады.

Тегеран әзірге жаңа көшбасшыны тағайындау рәсімінің толық мәліметін ресми түрде жариялаған жоқ. Дегенмен 8 наурыз күні кешке Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) жаңа көшбасшыға адалдық антын беріп, оның бұйрықтарын толық орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Моджтаба Хаменей кім?

Моджтаба Хаменей 1969 жылы Иранның Мешхед қаласында дүниеге келген. Ол Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Али Хаменейдің отбасында өскен. Әкесінен айырмашылығы – ол ресми мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқармаған. Көп жыл бойы саяси сахнаның сыртында қалып, негізінен әкесінің әкімшілігінде жұмыс істеген.

Шамамен жиырма жылға жуық уақыт бойы Моджтаба Хаменей діни жетекшілер мен Ислам революциясы сақшылары корпусы арасындағы байланыстарды үйлестірумен айналысқан.

Бұқаралық ақпарат құралдары оны 2009 жылы Ирандағы президенттік сайлаудан кейін басталған үкіметке қарсы наразылықтарды басып-жаншуды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды деп атаған. Сол кезеңде елде жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, көптеген адам қаза тапқаны айтылған.

Діни мәртебесіне қатысты пікірталас

Иранда жоғарғы көшбасшы лауазымына әдетте аятолла дәрежесіндегі діни тұлға тағайындалады. Алайда Моджтаба Хаменей ұзақ уақыт бойы тек йхуджат уль-исламй дәрежесіне ие болған.

Кейбір деректерге қарағанда, 2022 жылдан бастап оны аятолла деп атай бастаған. Бұл ақпаратты шииттердің қасиетті қаласы Кумдағы діни оқу орындарымен байланысты агенттік хабарлаған.

АҚШ санкциялары

Моджтаба Хаменеи шамамен жеті жылдан бері АҚШ санкцияларының тізімінде тұр. АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл шектеулер бұрынғы жоғарғы көшбасшы Али Хаменей оған биліктің бір бөлігін тапсырды деген себеппен енгізілген.

Bloomberg жүргізген журналистік зерттеу бойынша, Моджтаба Хаменей Лондонның Кенсингтон ауданында орналасқан екі элиталық пәтерге ие болуы мүмкін. Олардың жалпы құны шамамен 50 миллион фунт стерлинг деп бағаланады. Алайда бұл ақпаратты Иран билігі ресми түрде растаған жоқ.

АҚШ-тағы реакция

АҚШ президенті Дональд Трамп Моджтаба Хаменей туралы өте қатаң пікір білдірген. Ол Иранның жаңа көшбасшысын таңдау процесіне өзі де қатысқысы келетінін мәлімдеген.

"Олар уақыттарын босқа өткізіп жатыр. Хаменейдің ұлы – түкке тұрғысыз адам. Мен бұл тағайындауға қатысуым керек", – деген Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті Иранның жаңа көшбасшысы елдің саясатын өзгертіп, аймақта бейбітшілік орнатуға күш салуы тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, егер Тегеран бағытын өзгертпесе, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс қайта күшеюі мүмкін.