Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

/
Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Сурет: видеодан скрин

Көрсетілген көмекке қарамастан, тағы екі науқас қайтыс болды. Осылайша Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында болған жарылыс құрбандарының саны 11 адамға дейін артты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен аса ауыр жағдайдағы тағы екі науқас көз жұмды: 8 наурызда «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде бір науқас, ал 9 наурызда Көкшетау қаласындағы Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасында емделіп жатқан науқас қайтыс болды», - деп хабарлады Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер қолжетімді барлық медициналық, кадрлық және техникалық ресурстарды жұмылдыра отырып, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 27 ақпанда Ақмола облысындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлағанбыз. Кейінірек облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов жағдай дереу бақылауға алынып, жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.

3 наурызда жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханада қайтыс болды. Ақмола облысының прокуратурасы дәмхана иесінің ұсталғанын хабарлады.

Кейінірек Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек құрбандар саны тоғызға жеткенін мәлімдеген болатын.