Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ азаматтары асырап алған қазақ жігіті туған ата-анасына іздеу салды

/
АҚШ азаматтары асырап алған қазақ жігіті туған ата-анасына іздеу салды
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ-та өскен 27 жастағы ер адам Қазақстандағы биологиялық ата-анасын табуға тырысуда. Оның өткен өмірі туралы мәлімет өте аз, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл оқиға Фейсбуктегі қазақ-американ қауымдастығының парақшасында жарияланды. Посты жігіттің жары жазған. Оның есімі - Николас Пикколо, ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген, кейіннен «Малютка» балалар үйіне түскен.

Бір нұсқа бойынша, баланың туғандағы есімі  Руслан Өмірзақов. Сондай-ақ Шапағат деген тағы бір есім нұсқасы бар, бірақ отбасында нақты ақпарат жоқ. Оны 2003 жылы 19 қаңтарда асырап алған. Содан кейін ол АҚШ-қа кетіп, сол жақта ер жеткен.

«Бұл  қазіргі уақытта бізде бар жалғыз ақпарат. Кімде-кім көмектесе алатынына сенімді емеспін, бірақ егер қол ұшын соза алсаңыздар, бізбен байланысуыңызды өтінемін», - делінген жарияланымда.