Қайғылы оқиға бүгін автогужевой көпірінде болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметі мен полиция қызметкерлері келді. Қаза тапқан әйелдің денесі Ертіс өзенінің мұзынан табылды, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
– Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Абай облысы Полиция департаменті.