Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан Ресейден қашып келген жасөспірімді депортацияламайтын болды

/
Қазақстан Ресейден қашып келген жасөспірімді депортацияламайтын болды
Сурет: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы өткен жылдың күзінде Қазақстанға келген 16 жастағы Ресей азаматы Тимур Турковты елден шығару туралы шешімді бұзды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот отырысына жасөспірімнің әжесі Валентина келді. Судьяның сұрақтарына жауап бере отырып, ол немересі Ресейге қайтарылған жағдайда оның өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Тимур Турков Қазақстанға Коми Республикасынан өткен жылдың 12 қыркүйегінде келген. Ол жолай көліктерге мініп (автостоппен) жетіп, шекарадан жаяу өткен. Оның айтуынша, шекарадан өткеннен кейін түні бойы 17 шақырымға жуық жол жүріп, шекара маңындағы Астафьево ауылына жеткен және сол жерде шекара қызметін шақыруды өтінген.

Жасөспірімді «Махамбет» шекара заставасына жеткізіп, кейін Орал қаласына ауыстырған және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастырған. Кейінірек оған «шекараны заңсыз кесіп өтті» деген айып тағылды.