Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

/
Астанада жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды
Сурет: видеодан скрин

Елордада жедел жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анықталғандай, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Онда мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Медициналық қызметкерлер қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде, ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған.