Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Украина Ресейдің екі кемесін жойды

/
Украина Ресейдің екі кемесін жойды
Сурет: ашық дереккөзден

Украина барлау қызметі ресейлік «Авангард» және «Славянин» кемелерінің соққыға жығылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

14 наурызға қараған түні украиналық әскерилер ресейлік «Авангард» кемесі мен «Славянин» теміржол паромына соққы берді. Бұл туралы Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы (ГРУ) хабарлады.

Бас барлау басқармасының ақпаратынша, Украинаға қарсы соғыс жүргізу үшін пайдаланылған бұл кемелер істен шығарылды.

«Аталған кемелер Керчь паром өткелінің негізгі элементтері болды және агрессордың теңіздегі әскери логистикасында басты рөлдердің бірін атқарды. Атап айтқанда, олар қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрі тасымалдауға пайдаланылған», - делінген ведомство хабарламасында.