Орталық референдум комиссиясының алдын ала деректеріне сәйкес, 15 наурызда өткен республикалық референдумға қатысқан қазақстандықтардың 87,15%-ы жаңа Конституция қабылдауды қолдап дауыс берді. Сайлаушылардың қатысу көрсеткіші – 73,12%, деп хабарлайды Arasha.kz.
Экзитполдар деректері келесіні растайды:
– Еуразиялық интеграция институтының зерттеуіне сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды болжамды сайлауға қатысу деңгейі 75,3% (қателік шегі ±1%) деп есептегенде 30 мың сауалнамаға қатысқан азаматтың 86,7%-ы қолдаған.
– «Астана Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының сауалнамасы бойынша, дауыс беруге қатысқандардың 87,4%-ы қолдаған, болжамды қатысу деңгейі 73,8% (қателік шегі ±1,5%).
– Ұқсас нәтижені Қоғамдық саясат институтының экзитполы да көрсетті: сауалнамаға қатысқан 24 мың респонденттің 88,6%-ы жаңа Конституцияны қолдаған. Болжамды қатысу деңгейі – 72,1%.
Үш экзитполдың да деректері жаңа Конституцияны қолдау деңгейі шамамен 87-89% аралығында. Бұл әртүрлі әлеуметтанулық компаниялардың бағалауларының жоғары дәрежеде сәйкес келіп отырғанын білдіреді және референдум нәтижелерін қазақстандықтардың тұрақты таңдауы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Демократия институтының әлеуметтік сауалнамасының нәтижелері қоғам тек заңды өзгерістерді ғана емес, сонымен бірге елдің болашағын анықтайтын принциптерді де қолдайтынын көрсетті.
Атап айтқанда, бірінші орында табиғатқа құрмет қағидатын конституциялық деңгейде бекіту тұр. Қазақстандықтардың 86,5%-ы бұл норманы толығымен қолдаса, ал тағы 8,5%-ы оны қолдайтынын білдірген. Бұл шамамен 95% қоғамдық қолдауды көрсетеді. Сауалнама нәтижелері табиғатқа жауапкершілікпен қарау қазақстандықтар үшін біртіндеп мінез-құлықтың қалыпты нормасына айналып келе жатқанын аңғартады.
Қолдау деңгейі бойынша екінші орында жаңа Конституцияда мәдениет пен білім, ғылым және инновациялар құндылықтарын бекіту мәселесі тұр. Азаматтардың 78,6%-ы бұл норманы толық қолдайтынын, ал тағы 13%-ы оны қолдайтынын білдірген. Бұл халықтың 91%-дан астамының қолдауы. Қоғамда елдің болашағын тек экономикалық ресурстармен ғана емес, ең алдымен адами капиталмен байланыстыратын көзқарас барған сайын айқын көріне бастады. Бұл – білім, білімге негізделген құндылықтар, ғылыми зерттеулер мен инновациялар.
Үшінші ереже азаматтардың цифрлық ортадағы дербес деректерін қорғауға қатысты. Қазақстандықтардың 77,7%-ы бұл норманы Конституцияда бекітуді толық қолдайды, ал респонденттердің тағы 12,2%-ы «көбіне қолдаймын» деп жауап берген. Жалпы қолдау деңгейі шамамен – 90%. Мұндай норманы Конституцияда бекіту бүкіл әлемдегі технологиялық компаниялар мен инвесторларға маңызды сигнал ретінде қарастырылуы мүмкін: Қазақстан цифрлық дамуды адам құқықтарын қорғаудың заманауи стандарттары негізінде құруға ниетті.
Осы нормалар арқылы Қазақстанның дамуының жаңа формуласы: экология, білім және цифрлық құқықтар қалыптасуда.
Әлеуметтік сауалнама деректері сондай-ақ кәсіби білімге деген сенімнің артқанын да көрсетеді. Респонденттерге: «Конституциялық реформа бойынша қандай топтардың пікірі сіз үшін маңызды?» деген сұрақ қойылды. Әрбір үшінші қазақстандық (31,6%) сенім артатын кәсіби топ ретінде заңгерлерді атаған. Тағы бір маңызды әрі жаңа сенім артылатын топ сарапшылар қауымдастығы болды, олардың қатарында саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және талдаушылар бар (23,1%).
Бұл деректер қоғам санасындағы белгілі бір тұжырымдамалық өзгерісті көрсетеді. Бүгінде қазақстандықтардың көбі кәсіби білім мен сараптамалық құзыреттілікке көбірек мән бере бастаған.
Тағы бір маңызды мәселе – билік институттарына деген сенім деңгейіне қатысты. Сауалнама деректері Қазақстан Президентіне деген сенімнің тұрақты түрде жоғары екенін көрсетеді (шамамен 86%). Конституциялық реформа Мемлекет басшысының бастамасы болғандықтан, ол экологиялық тұрақтылық, ғылым мен инновацияларды дамыту, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау сияқты заманауи күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді кең қоғамдық талқылауға шығарды. Сондықтан жоғары сенім деңгейін жүргізіліп жатқан өзгерістер бағытын қолдау ретінде де түсінуге болады.
Бұл бағалауларды қазақстандықтардың елдің даму бағытын қалай қабылдайтынын көрсететін кеңірек контексте қарастыру маңызды. «Сіздің ойыңызша, Қазақстан дұрыс бағытта дамып келе ме, әлде бұрыс бағытта ма?» деген сұраққа респонденттердің басым бөлігі оң баға берген. Атап айтқанда, 30,6% елдің дамуын сөзсіз дұрыс бағытта деп санаса, ал тағы 47,8% Қазақстан көбіне дұрыс бағытта дамып жатыр деп атаған. Оң бағалаудың жиынтық үлесі – 78,4%.
Шын мәнінде, жаңа Конституцияны талқылау Қазақстанның XXI ғасырда қандай мемлекет болғысы келетіні туралы пікіралмасуға айналды. Қоғамның жауаптары жеткілікті айқын көрінеді. Бұл экологиялық жауапкершілік қоғамдық нормаға айналатын ел. Білім, ғылым және инновация дамудың негізгі ресурсы ретінде қарастырылатын мемлекет. Сонымен қатар, бұл адам құқықтары тек физикалық кеңістікте ғана емес, цифрлық орта да да қорғалатын ел.