Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Израиль қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігінде жерүсті операциясын бастады

/
Израиль қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігінде жерүсті операциясын бастады
Сурет: ашық дереккөзден

Израиль қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігінде мақсатты жерүсті операциясының басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Соңғы күндері 91-ші дивизия күштері алдыңғы шептегі қорғаныс аймағын кеңейту мақсатында Ливанның оңтүстігіндегі негізгі нысандарға бағытталған операцияны бастады. Операция террористік инфрақұрылымдарды жоюды және осы аумақта әрекет ететін содырлардың көзін жоюды қамтиды. Бұл қауіп-қатерлерді аластату және солтүстік тұрғындары үшін қосымша қауіпсіздік буферлік аймағын құру үшін жасалуда», - делінген ЦАХАЛ хабарламасында.

Израиль қорғаныс армиясының өкілдері Иран билігінің қолдауымен науқанға қосылған «Хезболлаға» қарсы шаралар жалғаса беретінін және Израиль азаматтарына зиян келуіне жол бермейтіндерін атап өтті.