Қостанайда таныс әйелімен жанжалдасу кезінде үстіне бензин құйып, өртеп жіберген 34 жастағы ер адам сотталды. Жәбірленуші денесінің шамамен 35 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қаскөй сотта өз әрекетін тек қорқытқысы келгенімен түсіндірді: әйелдің үстіне бензин шашқаннан кейін, ол газы таусылған оттықты басқан. Алайда ол тұтану үшін кішкене ұшқынның өзі жеткілікті екенін ескермеген.
Жәбірленуші кінәлі адамды заңның барлық қатаңдығымен жазалауды талап етті (ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша ең жоғары жаза — 8 жылға бас бостандығынан айыру). Мемлекеттік айыптаушы 6 жыл мерзімге жаза кесуді сұраған болатын.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, соның ішінде асырауында жас баласының барын, сондай-ақ істің барлық жағдайларын ескере отырып, қылмыскерге орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ, ол 9 миллион теңге көлемінде материалдық шығын мен моралдық зиянды өтеуге міндеттелді.