Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

/
Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды
Сурет: Ақорда

Әлемдегі ең ірі медиаплатформалардың бірі Reddit қолданушылары әлемдегі ең әдемі туды таңдау турниріне қатысты. Қазақстан туы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reddit қолданушылары Flags of the World Tournament онлайн-турниріне қатысып, өздеріне ең көп ұнаған туға дауыс берді. Бастапқыда елдер географиялық орналасуына қарай топтарға бөлінді, кейін турнир олимпиадалық жүйе бойынша жалғасты: жеңімпаз келесі кезеңге өтіп, жеңілгені жарыстан шығып отырды.

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында өз тобынан бірінші орынмен шығып, одан кейінгі бетпе-бет дауыс беру кезеңдерінде Тонга, Эстония, Монтенегро және Бразилия туларын артқа тастады. Жартылай финалда Қазақстан туы Сейшель аралдарынан басым түссе, финалда Кирибатидің мемлекеттік символын басып озды. Дауыс беру қорытындысы бойынша үшінші орынды Бутан туы иеленді.

Ұйымдастырушылар жеңімпаз тек қолданушылардың дауыс беру нәтижесі бойынша анықталғанын атап өтті.

«Қазақстан - біздің чемпионымыз! Сіздер дауыс беріп, бұл әлемдегі ең үздік ту деген шешім қабылдадыңыздар», - делінген турнир қорытындысы туралы хабарламада.