Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Астана мен Алатау қалаларында ерекше құқықтық режим болады

/
Астана мен Алатау қалаларында ерекше құқықтық режим болады
Сурет: Әкімдік

Астана мен Алатау қалаларының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Заң жобалары Алатау қаласы үшін «қарқынды дамушы қала» режимін енгізуді және қалалық ортаның сапасын арттыру мақсатында Астана мәртебесін нақтылауды көздейді. Алатауда озық халықаралық стандарттарды енгізу, пилотсыз көлікті және цифрлық активтерді дамыту жоспарлануда.

Ал елорда үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларында басқарудың ерекше тетіктері қарастырылған. Екі құжат та инвестиция тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Алатау қаласы бойынша заң жобасында салық салудың ерекше режимін қолдану және инвестицияларды қорғау қарастырылған. Астана бойынша біз елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басқару ерекшеліктерін бекітеміз. Алатау бойынша Парламенттегі екінші оқылым 27 наурызға жоспарланған, ал елорда мәртебесі туралы заң жобасы Мәжіліске осы жылдың сәуір айының соңына дейін енгізіледі», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.