Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Мектептерде Наурыз мейрамында дастарқан жаюға тыйым салынды

/
Мектептерде Наурыз мейрамында дастарқан жаюға тыйым салынды
Сурет: Arasha.kz

Қазақстанның мектептері мен балабақшаларында Наурыз мейрамына орай мерекелік дастарқан жаюға тыйым салынды. Шектеулер қауіпсіздік талаптары мен өнім сапасын бақылауға байланысты енгізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мен өңірлік білім басқармалары үйде дайындалған тағамдардың пісірілу және сақталу жағдайларын тексеру мүмкін емес екенін түсіндірді. Сондықтан жаппай улану қаупін азайту үшін ас ішуден бас тарту туралы шешім қабылданды.

Оқу орындарында мерекелік дастарқанның орнына мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бағдарламаға концерттер, көрмелер және ұлттық ойындар енгізілген.

Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар қатарынан бес күн — 21-25 наурыз аралығында демалады.