Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

/
16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pexels

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бейсенбі күні еліміздің 16 аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысында: батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Оралда да тұман мен көктайғақ болжанады.

Астанада: тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысында: тұман мен көктайғақ күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысында: батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Қарағандыда кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда тайғақ болады.

Ұлытау облысында: солтүстікте, шығыста және орталықта тұман күтіледі. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болады.

Қостанай облысында: солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман түседі. Қостанайда да тұман болады деп болжануда.

Ақтөбе облысында: түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында: түнде солтүстікте және шығыста аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында: оңтүстікте және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында: күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі. Таулы жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Атырау облысында: түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында: солтүстікте көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде тұман болады.

Абай облысында: күндіз солтүстікте көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Семейде күндіз көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында: оңтүстікте және шығыста тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодарда тұман түсіп, жолдарда тайғақ болады.

Жетісу облысында: Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында: түнде және таңертең оңтүстікте және орталықта тұман күтіледі.