Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ-тың назары Иранға ауысты: Украинадағы бейбітшілік келіссөздері неге созылып кетті?

/
АҚШ-тың назары Иранға ауысты: Украинадағы бейбітшілік келіссөздері неге созылып кетті?
Сурет: AP Photo / Shandyba Mykyta

Мәскеу мен Киев арасындағы Вашингтонның делдалдығымен жүріп жатқан келіссөздер процесінде үзіліс пайда болды, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Известия» газетіне.

Сонымен қатар, экономикалық аспектілерге арналған екіжақты Ресей-Америка жұмыс тобы аясындағы жұмыс жалғасуда, деді ол. Песковтың айтуынша, Ресей Украинамен тұтқындарды және қаза тапқан әскери қызметшілердің денелерін алмасу мәселелері бойынша байланысты жалғастыра береді. «Бұл бағыттағы жұмыс міндетті түрде жалғасады», — деді ол басылымға.

Өткен аптада Financial Times газеті АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғысқа ауысқаннан кейін Украинадағы бейбітшілік туралы келіссөздер процесі созылып кеткенін жазған болатын.

АҚШ-тың Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеу мақсатында жасап жатқан қысымы, өз кезегінде, бәсеңдеп жатыр. Ресей Украина әскерлерін Донбастың бүкіл аумағынан шығаруды талап етуді жалғастыруда, ал Украина мұны қабылданбайтын шарт деп санауын қояр емес.

Тағы бір негізгі мәселе  Ресейдің бақылауында қалып отырған Запорожье АЭС-інің мәртебесі. АҚШ-тан Украинаға қару-жарақ жеткізу, атап айтқанда, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары да кешіктірілуде, өйткені қазір Вашингтонның басымдықтары басқа.