Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматының бас жоспары тағы да өзгеретін болды

/
Алматының бас жоспары тағы да өзгеретін болды
Сурет: Әкімдік

Мемлекет басшысы Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң серпін байқалады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5%-ды құраса, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4%-ға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда есебінен қалыптасып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаланың инвестициялық қоржыны 2,8 триллион теңгеден асады. Жаңа жобаларды тарту мақсатында «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы еліміздің IT-секторында жетекші рөлге ие. Цифрландыру аясында Almaty AI Park құрылып, жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау және талдау жүйесі дамып келеді.

Туристік және тау кластерлерін дамыту жалғасуда. Биыл «Шымбұлақты» жаңарту және іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықпен қатар жүргізілмек. Сондай-ақ қонақ үй инфрақұрылымы кеңейтілуде.

Бас жоспарды түзету жұмыстары аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық модельді дамыту және таулы аймақтарда құрылыс салуға шектеулер енгізу қарастырылған.

BRT желісін кеңейтуді, метро құрылысын және жаңа көліктік шешімдерді әзірлеуді қоса алғанда, қоғамдық көлікті ілгерілету негізгі басымдық болып саналады.

Инженерлік инфрақұрылым мен сумен жабдықтау жүйесі жаңартылуда.

Экологиялық күн тәртібіне ерекше көңіл бөлініп, жылу көздерін жаңарту және зиянды шығарындыларды азайту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.