Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

/
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
Сурет: ПД

21 наурыз күні сағат 05:00 шамасында Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында, Сарышаған кентінің маңында (Жамбыл облысының шекарасынан 3 шақырым жерде), автобустың 49 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.

Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге кезекті рет ескерту жасайды:

  • белгіленген жылдамдықты асырмаңыз және арақашықтықты сақтаңыз;
  • шаршаған немесе ұйқылы-ояу күйде рульге отырмаңыз;
  • әр 2–3 сағат сайын демалу үшін тұрақты тоқтап отырыңыз;
  • жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жай-күйін тексеріңіз;
  • ауа райы мен жол жағдайын, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында ескеріңіз.

Есіңізде болсын: рульдегі шаршаңқылық реакцияны төмендетеді және қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты.