Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағандыда әйелдің үстіне баған құлап, қайтыс болды

/
Қарағандыда әйелдің үстіне баған құлап, қайтыс болды
Сурет: видеодан скрин

Оқиға Қарағандының 22-шағын ауданында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

59 жастағы әйел жолдан өтпекші болған кезде, оның үстіне кенеттен жарықтандыру бағаны құлаған.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдайға арнайы техника себеп болуы мүмкін: қоқыс алаңында бұрылмақ болған көлік кабельге тиіп кетіп, соның салдарынан баған құлаған. Жүргізуші жұмыс істейтін компания оның кінәсін жоққа шығарып отыр.

Қарағанды тұрғынының өліміне байланысты «Абайсызда өлімге әкеп соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.