Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Өскеменде патруль полиция қызметкеріне шабуыл жасалды

/
Өскеменде патруль полиция қызметкеріне шабуыл жасалды
Сурет: Polisia.kz

Өскеменде патруль полиция қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды. Күдіктілерден қару тәркіленді. Бейресми мәліметтерге қарағанда, олар бұл қаруды полицейден тартып алған, деп хабарлайды Arasha.kz.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адам жасөспірімге көмекке келген патрульдік полиция қызметкеріне шабуыл жасаған.

Оқиға 22 наурызда Сағадат Нұрмағамбетов көшесінің бойында болған. Патрульдік полиция қызметкеріне жасөспірім бала жүгініп, екі бейтаныс адамның агрессивті мінез-құлқына шағымданған. Мас күйдегі жас жігіттер оқиға орнына келген полицейдің талаптарына бағынбай, оған тап берген.

Polites.news порталының бейресми мәліметінше, қаскөйлер полицейдің қызметтік қаруын ұрлап кеткен, ал тәртіп сақшысының өзі оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

«Оқиғадан кейін қаскөйлер бой тасалаған, бірақ қысқа мерзімде екеуі де анықталып, ұсталды. Олардан қару тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Өскемен қалалық полиция басқармасы билік өкіліне өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде өміріне қауіпті зорлық-зомбылық көрсету (бір топ адамның жасауымен) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.