Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

"Зардабын бүкіл әлем көріп отыр": Ердоған АҚШ пен Израиль басшыларына шұғыл үндеу жасады

/
"Зардабын бүкіл әлем көріп отыр": Ердоған АҚШ пен Израиль басшыларына шұғыл үндеу жасады
instagram.com/rterdogan. Суретте: Режеп Тайип Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол үкімет отырысынан кейін халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді. Ердоғанның айтуынша, Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленіс Израиль мен оның премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әрекеттерімен байланысты.

"Бұл – Израиль мен Нетаньяхудың соғысы, бірақ оның зардабын бүкіл әлем тартып отыр", – деді Түркия басшысы.

Ол жағдайдың тек аймақтық деңгейден асып, жаһандық сипат алып бара жатқанын атап өтті. Ердоғанның пікірінше, бұл қақтығыстың салдары миллиардтаған адамға әсер етуде.

Сонымен қатар Түркия президенті дағдарыс Израиль басшылығының саяси мүдделерімен байланысты екенін айтып, халықаралық қауымдастықты белсендірек әрекет етуге шақырды.

Ердоған тараптарды шұғыл түрде диалогқа келіп, келіссөздер жүргізуді бастаудың маңызын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, әлемдегі тұрақтылықты қалайтын елдер жағдайды ушықтыратын қадамдардан бас тартып, дипломатиялық жолмен шешім табуға күш салуы тиіс.