Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады

/
Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады
Сурет: Мой город

Ақжайық ауданынан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды. Полицияның мәліметінше, қазір тексеру жүргізіліп жатыр, нысанның қайдан келгені және нақты не болғаны анықталуда, деп хабарлайды Arasha.kz.

– Нысан елді мекеннен тыс жерден табылды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, – деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Бұл өңірде мұндай оқиға алғаш рет болып отырған жоқ. 2025 жылдың күзінде Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылы маңында жауынгерлік заряды бар дрон жарылып, оқиға орнында үлкен шұңқыр қалған еді. Сол кезде көршілес Ресейдің Орынбор облысында әуе дабылы жарияланған.

Бұған дейін де осындай жағдайлар тіркелген. Мәселен, наурыз айында Жәнібек және Тасқала аудандарында дрон құлағаны анықталған. Ал одан бір ай бұрын Бөкей ордасы ауданында да ұқсас оқиға болған.

Оқиғалар қайталанып жатқанына қарамастан, Қорғаныс министрлігі жүргізілген тергеулердің ресми қорытындыларын әлі жариялаған жоқ.