Қарағандыдағы «Горняк» базарының маңында ер адам өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Куәгерлердің айтуынша, саудагерге өзінің контейнерлерін алып шығуға рұқсат берілмеген. Осыдан кейін базар әкімшілігімен жанжал басталған. Жағдай бақылаудан шығып, 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртейтінін айтып сес көрсеткен.
Соңында «Горнякқа» барлық шұғыл қызметтер жиналды. Ер адаммен полицейлер мен әкімдік өкілдері сөйлесті.
Полицейлердің араласуынан кейін ер адам өзін өртеу ниетінен қайтты.
Осыдан кейін ол әкімдікке жеткізілді, қазіргі уақытта онымен жұмыс жалғасып жатыр.