Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы заң қабылданды

/
Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы заң қабылданды
Сурет: gov.kz

Қаладағы бизнесті тексеру құқығы тек Бас прокуратураға беріледі, ал инфрақұрылымға қатысты деректер бірыңғай цифрлық платформада жарияланады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжат Сенат пен Мәжіліс депутаттары тарапынан екінші оқылымда қолдау тапты. Заңда жаңа ұғымдар енгізілген. Олардың қатарында «бизнес-лицензия», «салықтық преференция», «реттеуші рұқсат» және «басым бағыттар» бар.

Салықтық жеңілдіктерге қатысты да шектеулер белгіленген: оларды Алатау қаласынан тыс жерлердегі жобаларды қолдауға пайдалануға болмайды. Сонымен қатар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау күшейтіледі. Қала әкімшілігінің есептері үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның жыл сайынғы есептеріне енгізіліп, кейін интернетте ашық түрде жарияланады.

Заң лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін де қарастырады, ал маңызды шешімдерді арнайы Кеңес қабылдайды. Әкімшілік актілеріне сот тәртібімен шағымдануға мүмкіндік беріледі.

Бұдан бөлек, құжаттағы нормалар қалалық ортаны мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді етуге және экологиялық талаптарды күшейтуге бағытталған.