Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Перизат Қайраттың көлігі Астанада аукционға шығарылды

/
Перизат Қайраттың көлігі Астанада аукционға шығарылды
Сурет: Telegram-канал @Zanamiviehali

Астанада ұрлық жасағаны үшін сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған 2024 жылғы қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігі аукционға шығарылды. Оның бастапқы бағасы шамамен 79,4 млн теңге, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «За нами уже выехали» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, көлік 777KPK01 мемлекеттік нөмірімен тіркелген.

Қазір өтінімдер қабылданып жатыр, ал аукцион 7 сәуірге жоспарланған.

«79 млн теңгелік бұл Mercedes те сатылмай қалуы мүмкін. Қазақстанда қалыптасқан дәстүр бойынша оны күштік құрылымдарға беруі ықтимал. Көлік мемлекеттік мүлік департаментінің балансында тұр. Аккумуляторы отырып қалғандықтан, техникалық жағдайын әзірге тексеру мүмкін емес», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар мүлікке шектеу қойылып, оған тыйым салынғаны айтылды.

Telegram-арнасының мәліметінше, бағалау есебінде көліктің бұрынғы иесі ретінде Перизат Қайраттың аты тікелей көрсетілген. Әдетте мемлекеттік органдар тәркіленген активтердің бұрынғы иесін жарияламайды, алайда бұл жағдайда мұндай мәлімет жасырылмаған.

Еске салайық, бастапқыда Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылған.