Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

/
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады
Сурет: KAZENERGY

KAZENERGY қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы баға қалыптастырудың өзекті мәселелері мен алдағы қадамдарына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Талқылауға сарапшылар, салалық қауымдастықтар, нарықтың түрлі сегменттерінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және мемлекеттік органдар қатысты.

Негізгі назар АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын реттеу мәселелеріне аударылды.
Нарық қатысушылары қолданыстағы баға шектеулері өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қатар барлық қатысушыларға қосымша жүктеме түсіріп, жалпы саланың тұрақтылығына кері әсер ететінін атап өтті.