Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейде Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды

/
Ресейде Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды
Сурет: видеодан скрин

Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды. Жанжалдан кейін ондаған адам ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Усть-Луга портының маңында орын алған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан бір топ жастың шулап, төбелесіп жатқанын көруге болады. Кейін қалың топтың ортасына жарқылдауық шамдары бар көлік жоғары жылдамдықпен кіріп келіп, адамдарды тарата бастайды. Оқ атылған дыбыстар да естіледі. Жігіттердің бір бөлігін күштеп көліктерге отырғызып, алып кеткен.

— Сендер оларға неге тиісесіңдер? Не үшін қамап жатсыңдар? — деп айқайлайды болған жағдайды видеоға түсірген әйел.

Қазақстан СІМ-нің реакциясы:
«Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы Усть-Луга кентіндегі «Велестрой» компаниясының нысанында болған Қазақстан азаматтарының қатысуымен өткен қақтығыс туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға қатысушылар мән-жайды анықтау үшін құқық қорғау органдарымен ұсталды. Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сауалдар жолданды», — деп хабарлады министрліктегілер.

Дипломаттар ҚР азаматтарының нақты санын және құқықтық мәртебесін анықтау үшін ІІМ Бас басқармасымен байланыста отыр.