Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада Полина Гагаринаның концерті тағы да тоқтатылды

/
Астанада Полина Гагаринаның концерті тағы да тоқтатылды
Сурет: видеодан скрин

Ресейлік әншінің концерті 5 сәуірде өтуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар бұл жағдайдың әртіске немесе концерт залына байланысты емес себептермен болғанын хабарлады. Билет алып қойған көрермендерге ақша 14 күн ішінде автоматты түрде қайтарылатынына уәде берілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл Полина Гагаринаның Қазақстанда тоқтатылған алғашқы концерті емес. Оның өткен жылдың 27 қарашасында Астанадағы Конгресс-орталықта өтуі тиіс болған өнері де дәл осылай кейінге қалдырылған болатын.

Сол кезде әлеуметтік желі қолданушылары ресейлік әншінің келуіне белсенді түрде наразылық білдірген еді. Қарсы шығушылардың негізгі уәжі әртістің Ресейдегі насихаттық шараларға қатысуы және оның әскери агрессияны ашық қолдауы.

Сонымен қатар, Қазақстан әлемдік эстрада жұлдыздарын қабылдауға дайындалып жатыр: биыл елімізде Энрике Иглесиас пен Рики Мартиннің концерттері өтеді деп жоспарланған.