Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Таяу Шығыстағы шұғыл хабар: Израильге қарсы тағы бір топ алғаш рет шабуыл жасады

/
Таяу Шығыстағы шұғыл хабар: Израильге қарсы тағы бір топ алғаш рет шабуыл жасады
depositphotos.com/MohammadBash

Иран қолдайтын Йемендегі хуситтер Израильдің оңтүстігіне зымыранмен соққы жасап, аймақтық қақтығысқа араласқанын көрсетті, деп хабарлайды The Times of Israel басылымы.

Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) мәліметінше, 28 наурыз күні таңертең Йемен аумағынан баллистикалық зымыран ұшырылған. Израильдің оңтүстігіндегі ірі қала – Беэр-Шевада және оған жақын аудандарда әуе дабылы сиреналары қосылған.

Әскери ведомствоның хабарлауынша, зымыран әуе қорғанысы жүйелері арқылы дер кезінде жойылған. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бұл – Иран төңірегіндегі шиеленіс күшейгеннен кейін хуситтер тарапынан жасалған алғашқы шабуыл.

Өз кезегінде хуситтер бұл шабуылға жауапкершілік алғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, соққы Израильдің "маңызды әскери нысандарына" бағытталған.

Сондай-ақ олар шабуыл бірнеше баллистикалық зымыранмен жасалғанын атап өтті.