Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қоқыстан табылған қалдықтар өскемендіктерді алаңдатып қойды

/
Қоқыстан табылған қалдықтар өскемендіктерді алаңдатып қойды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Белинский көшесінің тұрғындары ауладағы контейнерлердің жанынан зертханалық зерттеулерден кейін қолданылған қорғаныш костюмдерін, халаттарды, маскаларды, қолғаптарды және гепатитке қатысты жолдамаларды тапқан. Оқиға туралы видео Instagram желісінде жарияланды.

Қоқыс арасынан табылған құжаттарға сүйенген видео авторы бұл қалдықтарды Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері әкелгенін айтқан. Кейін бұл мәліметті полиция да растады.

Медициналық қалдықтарды қарапайым аула контейнерлеріне тастауға болмайды. Олар қауіпті қалдықтар санатына жатады және арнайы тәртіппен сұрыпталып, залалсыздандырылып, мамандандырылған ұйымдар арқылы жойылуы тиіс.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша шара қабылданғанын хабарлады.

Қалалар мен елді мекендер аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Назарбаев даңғылындағы қоймалардың бірінің әкімшілігі жауапкершілікке тартылды. Материалдардың көшірмесі Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданады, - деп мәлімдеді ведомство.

Әзірге Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.