Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп испан тілін үйреніп, Венесуэла президенті болғысы келетінін айтты

/
Трамп испан тілін үйреніп, Венесуэла президенті болғысы келетінін айтты
REUTERS / Denis Balibouse. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы қақтығыс аяқталғаннан кейін испан тілін үйреніп, Венесуэла президенті қызметіне үміткер болуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйдегі баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды C-Span.

"Бұл істі аяқтаған соң, мен Венесуэлаға баруым мүмкін. Испан тілін тез үйренемін. Мен Венесуэлаға барып, президенттікке үміткер боламын", – деді Трамп.

Ол өз қабілетінің арқасында испан тілін меңгеру көп уақыт алмайтынын да атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Венесуэланың астанасы Каракас пен өзге де аймақтарына соққы жасап, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, АҚШ-қа алып кеткені хабарланған. Кейін оларға "наркотерроризм" айыбы тағылған.