Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

"24 сағат ішінде белгілі болады": Трамп Иранға қатысты қатаң ескерту жасады

/
"24 сағат ішінде белгілі болады": Трамп Иранға қатысты қатаң ескерту жасады
AP Photo

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі алдағы 24 сағат ішінде белгілі болатынын мәлімдеді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, Вашингтон әскери әрекеттерге қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Біз шамамен 24 сағат ішінде білеміз. Жақында бәрі айқын болады", – деді ол The New York Post басылымына берген сұхбатында.

Трамптың айтуынша, АҚШ әскері ықтимал жағдайларға дайындалып жатыр. Әскери-теңіз күштерінің кемелері жаңа қару-жарақпен жабдықталуда.

"Біз кемелерді ең озық қарумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Егер келісім болмаса, оны өте тиімді қолданамыз", – деп атап өтті ол.

Еске салайық, 7 сәуір күні Трамп Иранмен екі апталық уақытша бітім жариялаған еді. Ал бұған дейін әлеуметтік желіде ол "тұтас бір өркениеттің жойылуы мүмкін" екенін айтып, қатаң ескерту жасаған.