Жыл басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Еріктілер жылы деп жариялап, қоғамның дамуына әр адамның азаматтық қатысуы мен жеке жауапкершілігінің маңызын ерекше атап өтті. Еріктілік – өмір салты, өз мүдделеріңнің шекарасынан шығып, айналада болып жатқанның бәріне бейжай қалмай, әрекет ету таңдауы, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жаңа адамдар Қозғалысы әрбір қазақстандықты осы таңдауға қосылып, әрекет арқылы Ерікті болуға шақырады. Қан тапсыру — өз қажеттіліктеріңнен асып, мұқтаж адамға өмір сүру мүмкіндігін сыйлау. Қанды жасанды түрде жасау мүмкін емес, оны сатып алуға немесе технологиямен алмастыруға болмайды — ол тек адамның ерікті шешімі арқылы ғана пайда болады.
Жаңа адамдар Қазақстанның 18 ірі қаласында қан тапсыру штабтарын ашады: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей, Қостанай, Қызылорда, Орал, Атырау, Ақтау, Петропавл, Көкшетау, Талдықорған және Түркістан. Әрбір ерікті qantapsyr.kz сайтына тіркеліп, қажетті ақпаратпен таныса алады.
Ерікті болу — азаматтық ұстанымды білдіру. Бұл өзгерістер сенің шетте бейжай қалмау туралы шешіміңнен басталатынын түсіну. Осындай әрекеттер арқылы бір-біріне немқұрайлы қарамайтын, бірге қуатты және жасампаз орта құруға дайын адамдары бар қоғам қалыптасады.