Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қырғызстанда тағы бір жоғары лауазымды тұлға ұсталды

/
Қырғызстанда тағы бір жоғары лауазымды тұлға ұсталды
instagram.com/gknb.official

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) жүйесіне қатысты резонансты жайттар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Kaktus.media басылымының жазуынша, әскери прокуратура ҰҚМК төрағасының бұрынғы орынбасары Тимур Шабданбековты ұстаған. Одан бөлек, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен тағы алты қызметкер қамауға алынған.

Сондай-ақ күштік құрылымдардағы дереккөздер 13 сәуір күні әскери прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Бекзат Абдикахаровты да ұстағанын хабарлады. Бұдан бөлек, ҰҚМК-ның Нарын облысы бойынша басқарма басшысының бұрынғы орынбасары мен бірнеше бөлім басшылары, оның ішінде кибералаяқтыққа қарсы күрес бөлімінің жетекшісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім басшысы да күдікке ілінген.

Ақпарат құралдары сондай-ақ Red Petroleum жанармай бекеттері желісінің бас директоры Акылбек Маматовтың ұсталғанын жазуда. Мәліметтерге сәйкес, оның отбасы бұрынғы ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тәшиев әулетімен байланысты болуы мүмкін. Атап айтқанда, Маматовтың әкесі Қырғыз футбол одағында Тәшиевтің орынбасары қызметін атқарған.