Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Түркиядағы мектепте 9 адамның өмірін қиған оқушының атыс алдындағы видеосы тарады

Түркиядағы мектепте 9 адамның өмірін қиған оқушының атыс алдындағы видеосы тарады
ашық дереккөзден

Түркияның Қахраманмараш қаласындағы Оникишубат ауданында мектепке қарулы шабуыл жасаған оқушының бейнежазбалары тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл видео бұған дейін сабақ барысында түсірілген.

Бейнежазбада оқушының мінез-құлқы ерекше назар аудартады. Сыныптасы тақта алдында жауап беріп тұрған кезде, жасөспірім бір орында отыра алмай, үнемі мазасызданып, агрессия белгілерін көрсеткен.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, қарулы шабуыл салдарынан тоғыз адам қаза тапқан.