Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет Bologna Children’s Book Fair көрмесіне қатысты

Қазақстан алғаш рет Bologna Children’s Book Fair көрмесіне қатысты

13-16 сәуір аралығында Италияның Болонья қаласында Bologna Children’s Book Fair 2026 – балалар мен жасөспірімдер әдебиеті саласындағы әлемдегі жетекші халықаралық көрмелердің бірі өтуде, деп хабарлайды Arasha.kz.

Биыл Қазақстан алғаш рет көрмеде ұлттық стендпен таныстырылып отыр. Аумағы 32 шаршы метрді құрайтын алаңда балалар әдебиеті мен білім беру контентін шығаратын қазақстандық баспалардың кітаптары ұсынылған. Қатысушылар қатарында Arman-PV баспасы, Steppe & World Publishing, "Мазмұндама", East, URPAQ BOOKS, Fluffyllama және Chapter One бар.

Қазақстанның алғашқы ұлттық стенді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен ұйымдастырылған. Жобаны ұйымдастырушы – Nomad мәдени орталығы, орталық басшысы Баян Қабылаш.

Arman-PV үшін бұл көрмеге қатысудың маңызы ерекше. Баспаның Қазақстанда оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары мен цифрлық білім беру шешімдерін әзірлеуде мықты позициясы бар. Сонымен қатар, баспа өкілдері балалар әдебиеті бағыты да олардың жұмысында маңызды орын алатынын атап өтеді. Себебі дәл осы бағыт арқылы оқырман мәдениеті қалыптасып, кітапқа деген қызығушылық пен баланың тілдік ортасы дамиды.

Көрме аясында Орталық Азия авторлары мен иллюстраторларының кәсіби кездесуі де өтуде. Бұл жиында балалар әдебиетіндегі ұлттық бірегейлік мәселесі талқылануда. Қазақстан үшін мұндай халықаралық бастамаларға қатысу отандық әдебиетті, ұлттық кодты және заманауи баспа жобаларын әлемдік деңгейде таныту тұрғысынан аса маңызды.

Arman-PV баспасының Bologna Children’s Book Fair 2026 көрмесіне қатысуы қазақстандық білім беру және балалар әдебиеті контентіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетіп, халықаралық әріптестік орнатуға және отандық өнімдерді шетелде ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бөлісу