Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы ауруханада есін жиды

Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы ауруханада есін жиды
Witthaya Prasongsin/Getty Images. Суретте: науқас адам

Астанада болған ірі өрттен тірі қалғанымен, үш баласынан айырылған әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр, деп Arasha.kz тілшісі КТК телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта науқас жетінші күн қатарынан жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Дәрігер-травматолог Марат Сабировтың мәліметінше, әйелдің ауыр халге түсуіне күйік жарақаттары, тыныс алу жолдарының зақымдануы және ағзаның улануы себеп болған.

"Пациент есін жиды, қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр. Тыныс алуы жасанды желдету аппараты арқылы қамтамасыз етілуде. Жүрек соғысы мен қан қысымы тұрақты", – деді дәрігер.

Әйел әзірге елордалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайына қатысты ақпарат жарияланған жоқ.