Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында орман өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында орман өртенді
shutterstock.com

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Жаңалық ауылы маңында басталған өрт орман алқабына тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау 7,7 гектар жерді қамтыған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, өрттің тез таралуына екпінді жел әсер еткен, бұл оны сөндіру жұмыстарын қиындата түскен.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар қызметі, орман шаруашылығының мамандары, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылды. Сонымен қатар, дағдарыс орталығында жағдайды үйлестіру үшін бейнеконференция ұйымдастырылған.

Жүргізілген жедел әрі үйлесімді жұмыстардың арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.