Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы – Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Алматы – Өскемен автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желіде кеңінен тараған. 

Полицияның мәліметінше, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған. Зардап шеккен 11 адам медициналық мекемелерге жеткізілген.

"Алдын ала дерек бойынша, Foton көлігінің жүргізушісі екінші жолақтан кері бұрылу кезінде Mercedes-Benz Sprinter автокөлігімен соқтығысқан", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында апаттың мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.