Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Орны толмас қаза: Ақын Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Орны толмас қаза: Ақын Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Танымал ақын Мұхтар Шаханов өмірден озды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы хабарды ақын, жазушы Құдияр Біләл жеткізді.

"Суыт хабар! Қазақтың даңқты перзенті Мұхтар Шаханов дүниеден озды. Иманы саламат болсын!" – деп жазды ол.

Қазақ әдебиеті ауыр қайғыға душар болды. Белгілі ақын, көрнекті драматург, мемлекетшіл қайраткер, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Оның есімі мен шығармашылығы қазақ халқының азаттық рухымен, ұлттық құндылықтарды қорғау жолындағы табанды еңбегімен тығыз астасып жатыр. Ақынның туындылары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылып, кеңінен таралған.

Бөлісу