Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Мысықты кір жуғыш машинаға салып өлтірген. Анасы өз ұлын айыптады

Мысықты кір жуғыш машинаға салып өлтірген. Анасы өз ұлын айыптады
Сурет: видеодан скрин

Threads желісінде мысықтың өлімінен «контент» жасаған әйелдің әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Әйелдің айтуынша, оның үлкен ұлы марғауды кір жуғыш машинаның барабанына салып жіберген. Ол мұны байқамай қалып, машинаны қосып жібергенін, соның салдарынан жануардың өліп кеткенін алға тартады.

Оқиғадан кейін әйел болған жайтты әлеуметтік желілерде жарыса жаза бастаған. Алайда ол жанашырлықтың орнына қатаң сынға ұшырады. Желі қолданушылары әйел бұл оқиға арқылы өзіне назар аудартқысы келеді деп есептейді. 

Бұған дейінде баласының мысықты мұздатқышқа қамап тастағанын айтқан ол жұрттың ашу-ызасын одан сайын өршітті. Желідегілер бұл жағдайға құзырлы органдар араласып, тиісті құқықтық баға беруін талап етуде.

Бөлісу